25.09.2024 18:57:00
- Холдинг туралы
Қанат Шарлапаев Холдинг ұжымымен есеп беру кездесуін өткізді. Басқарма төрағасы Холдинг қызметінің негізгі басымдықтары мен әрі қарайдаму векторларын атап өтті, олардың қатарында шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, экспорттық әлеуетті нығайту және басқалар бар.
Басқарма төрағасы Холдинг 2022 жылы 350 млрд теңге сомасында рекордтық пайда әкелгенін айтты, бұл 2020 жылғы нәтижеден бес есе, ал 2021 жылғы нәтижеден үш есе көп екенін атап өтті.
Өткен жылы Холдинг құрылымдары 685 млрд теңге сомасына 238 ірі жоба мен лизингтік мәмілелерді қаржыландырды. Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде шамамен 1,5 трлн теңгеге 50,5 мың жоба субсидияланды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері 522 млрд теңгеге қаржыландырылды, жоспар бойынша 432 млрд теңге болған.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы шамамен 1,4 трлн теңгеге жеңілдетілген ипотекалық қарыздар, 211,8 млрд теңгеге үлестік құрылыс кепілдіктер берілді. Осылайша, қолдау құралдары есебінен 2,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, ипотекалық кредит есебінен 79 865 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Қанат Шарлапаев Холдингтің барлық қызметкерлеріне табыстыжұмысы мен қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында ол қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Холдинг өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс орындарын құруға және жалпы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға күш жұмылдыратынын баса айтты.