Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

03.03.2023

Холдинг басшысы ҚДБ ұжымымен кездесті

Холдинг басшысы ҚДБ ұжымымен кездесті
 3 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ топ-менеджментімен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу басында Банктің Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров 2022 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелері туралы есеп берді.

 Өткен жылы ҚДБ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы 30 жобаны қаржыландырды, сондай-ақ экспорт алдындағы 23 операцияны қолдады. Жалпы қолдау сомасы 358,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 7 жоба пайдалануға берілді, онда 1,1 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды.

 2022 жылы Банк қызметіндегі маңызды бағыт трансформация болды, соның арқасында қаржыландыруға берілген өтінімдерді қарау мерзімдері қысқартылды, сондай-ақ қолдау көрсетілген жобалар туралы деректердің жалпы жұртшылық үшін ашықтығы артты.

 Өз кезегінде, Қанат Шарлапаев Банктің алдында ел үшін маңызды жобаларды іске асыру міндеті тұрғанын және оларды қарастырған кезде, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан зерделеп, экономиканы дамытатын практикалық нәтижелеріне мән беру керек екенін атап өтті. Нақты айтқанда, Қазақстанның экспорттық және көліктік-логистикалық әлеуеті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымды одан әрі дамыту басты назарда болу қажет.

 Осыған байланысты, Холдинг басшысы ҚДБ ұжымының осындай ауқымды міндеттерді іске асыру үшін қарым-қабілеті жоғары деген пікірін білдірді. 

 Кездесу соңында Қанат Шарлапаев ҚДБ қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді, олар инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалы бағыттары, елдің коммуналдық шаруашылығын жаңартуға Банктің қатысуы,  сондай-ақ капитал нарықтарынан қорландыру тарту жағдайы туралы болды. 

2 (8).JPG


3 (7).JPG


4 (3).JPG


5 (1).JPG


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар