19.12.2024
- Холдинг туралы
Астана, 2023 жылғы 15 наурыз - «Бәйтерек» ұлттық басқарушыхолдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Түркиядағы электрэнергиясын өндіру саласындағы ірі компаниялардың бірі Aksa Energy жоғарылауазымды делегациясымен кездесті.
Кездесуде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Aksa Energy арасындағыҚазақстанда электр энергиясын өндіру және тарату саласындағыынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Талқылаубарысында ынтымақтастықтың ықтимал нысандары, соның ішінде жаңаэнергетикалық нысандар салу және бұрыннан барларын жаңғырту туралы мәселелер қаралды.
Aksa Energy өкілдері энергетика саласындағы табыстытәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның өнеркәсіптік секторының дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. Қызылордада қалаөнеркәсібінің оң динамикасына өз үлесін қосып, жұмыс орындарыныңартуына оң әсер етеді деп күтіліп отырған жоба талқыланды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстанның заманауи технологиялар мен таза энергия көздері негізіндеэкономиканы дамытуға ұмтылатынын баса айтты. Ол сондай-ақ Aksa Energy-мен ынтымақтастықтың Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінқамтамасыз ету үшін зор маңызы бар екенін атап өтті.
Холдингтің Басқарма төрағасы өз сөзінде Қазақстанның өнеркәсіпсекторын дамыту тұтастай мемлекет үшін де, «Бәйтерек» холдингі үшін де басымдық болып табылатынын атап өтті. Шарлапаев сондай-ақ келіссөздердің одан әрі барысын айқындау үшін Қазақстанның Даму Банкіарқылы кредит шарттарын қарауға дайын екенін білдірді.
«Біздің Aksa Energy-мен кездесуіміз Түркиямен экономикалықбайланыстарымызды кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз елдерімізге пайда әкелетін және өңіріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін энергетика саласындағы нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деді Қанат Шарлапаев.
Aksa Energy бас директоры Джемиль Казанджи "Бәйтерек" Холдингімен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, Қазақстандағыэнергетикалық жобаларға инвестиция салуға дайын екендігін атап өтті.
Қазақстан шетелдік әріптестермен экономикалық байланыстарыннығайтуды жалғастыруда және Aksa Energy-мен кездесу осы бағыттағы тағыбір маңызды қадамға айналды.