24.08.2022
Холдинг 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төледі
Холдинг 2022 жылғы 23 тамызда Холдингтің жалғыз акционерінің ("Бәйтерек "ҰБХ "АҚ-ның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 214 бұйрығы) шешіміне сәйкес 2021 жылдың қорытындылары бойынша 33 042 255 794 (отыз үш миллиард қырық екі миллион екі жүз елу бес мың жеті жүз тоқсан төрт) теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жүзеге асырды.
2021 жылғы дивидендтің мөлшері Холдингтің бір жай акциясына есептегенде 26 (жиырма алты) теңге 41 (қырық бір) тиынды құрады.
Дивидендтерді төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда бір төлеммен жүзеге асырылды.
Қосымша жаңалықтар