12.08.2020

«Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогы» балалар шахмат турнирі өтеді

«Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогы» балалар шахмат турнирі өтеді

"Бәйтерек" холдингі, Дәрмен Сәдуақасов Шахмат академиясы және "Bolashaq" Қауымдастығы жедел шахмат бойынша Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы онлайн-турнирін өткізетінін жариялайды.

 

Іс – шараның басты міндеті - халықаралық карантин және жабық шекара кезеңінде сапалы турнирлік практикаға мұқтаж дарынды қазақстандық балалар мен жасөспірімдерді қолдау.

 

Жарыс 2002-2005, 2006-2009 ж.т., сондай-ақ 2010 ж. т. және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өткізіледі. Жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды.

 

Турнир 2020 жылғы 28-30 тамызда lichess.org. ойын платформасында өтеді. Ойын форматы швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау - әр қатысушыға партияның соңына дейін 15 минут + 10 секунд.

 

Тіркеу мерзімі - 2020 жылғы 24 тамыз күні Нұр-сұлтан уақытымен 18:00-ге дейін. Өтінімдер dscup2020@gmail.com электрондық поштасында жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және ұялы телефон нөмірімен бірге қабылданады.

 

Тіркеу, төрешілік, жүлделерді бөлу және античитерлік комиссияның жұмысы туралы толық ақпаратты жарыс ережесінен оқыңыз.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар