20.07.2018

Инновациялық гранттар: 60-тан артық өтінім қабылданды

Инновациялық гранттар: 60-тан артық өтінім қабылданды

2018 жылдың 19 шілдесі күні «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың алдын ала нәтижелерін хабарлады.

23 мамыр – 16 шілде аралығындағы кезеңде 60-тан артық өтініш берушілер тіркелді. Қазіргі уақытта өтінімдер қағида талаптарына сәйкестігі бойынша бастапқы талдаудан өткізілуде, одан кейін өтінімдер тәуелсіз комиссияның қарауына жіберіледі.

Комиссия құрамына салалық қауымдастықтар, мүдделі министрліктер, қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ ТДҰА басшылығы кіреді.

Бүгінгі таңда салалар, аймақтар бөлінісінде және грант түрлері бойынша ең белсенді өтінішкерлер анықталды. Көшбасшылар қатарында Алматы (36,5%), Астана (19%) және Павлодар облысы (11,1%). Ең көп өтінімдер саны технологияны коммерциялау гранты бойынша, одан кейін – кәсіпорындар мен салаларды технологиялық дамытуға гаранттар бойынша берілді.

Әлеуетті өтініш берушілерден түскен өтініштер мен  ұсыныстардың өте көп болуына байланысты, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп инновациялық гранттарға өтінім қабылдау мерзімін ұзартты. Қатысуға өтінімдерді 2018 жылдың 30 шілде – 3 қыркүйек аралығында Digital Baiterek (http://digital.baiterek.gov.kz/) порталында электронды форматта беруге болады,

 

natd

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар