19.12.2024
- Холдинг туралы
2023 жылғы 25 шілдеде сағат 12:00-де компанияның Астана қаласындағы филиалында кезекті рет тракторлар мен комбайндар табысталды, олар «Өз жем-шөбіміз», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім» және «Жеңілдетілген лизинг»бағдарламаларының арқасында қолжетімді болып отыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграрлық кәсіпкерлерді қолдау және отандық өндірісті дамыту арқылы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру бойынша өзінің жеңілдетілген бағдарламаларын сәтті іске асырып келеді.
2023 жылғы 26 маусымда өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері өз техникасын жаңартып, ауыл шаруашылығын дамытқысы келетін кәсіп иелерінен жалпы сомасы 41,6 млрд теңгеге 1149 өтінім келіп түсті.
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқасында «COMPANY GROUP TORE» ЖШС компаниясы, «Смағұл» және «Какенов» шаруа қожалықтары Kazrost Engineering Ltd шығарған ауыл шаруашылығы техникаларының соңғы үлгілерін, комбайндар мен тракторларды алды.
«Біз бұл бағдарламаға өте ризамыз, өйткені ұтымды шарттармен екі Vector 410KZ комбайны мен YTO X1304 тракторын сатып алдық. Мүмкіндік бергені үшін ҚазАгроҚаржы-ға алғыс айтамыз», - деді COMPANY GROUP TORE» ЖШС өкілі.
Жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламаларын іске асырыла бастаған 2022 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған»бағдарламасы бойынша 15,5 млрд теңге сомасына және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша 40 млрд теңге сомасына отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын ұсынды. Осы уақыт ішінде 17082 техника сатып алуға ауылшаруашылығының 1303 технопаркі қаржыландырылды.
2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеңілдетілген лизингке шамамен 57 млрд теңге бағыттамақшы. Жеңілдікті бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайтынын атап өтеміз.
Өтінімдерді беру үшін ҚазАгроҚаржы-ның Telegram-боты арқылы электрондық кезек қалыптастырылады [https://t.me/kaz_agro_finance_bot]. Жеңілдікті бағдарламалар және оларды пайдалану шарттары туралы қосымша ақпаратты компанияның www.kaf.kz веб-сайтынан табуға болады немесе өз аймағыңыздағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына барып білуге болады.