Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

11.10.2024

«Байтерек» холдингі Австрия компанияларымен машина жасау және АӨК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

27.03.2019

ЭКСПО-қалашықтағы пәтерлерге өтініш қабылдаудың жаңа мерзімі белгіленді

ЭКСПО-қалашықтағы пәтерлерге өтініш қабылдаудың жаңа мерзімі белгіленді

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 30 наурызында сағат 15:00 -ден бастап елордадағы ЭКСПО аумағында орналасқан пәтерлерді сатып алу бойынша өтініштерді қабылдау науқанының басталатындығын хабарлайды. Пәтерлерді таңдау мен брондау қызметі http://expo.baiterek.gov.kz сайтында онлайн режимінде жүзеге асырылады.

– Бүгінгі таңда барлық техникалық кедергіле жойылып, жүйе жұмысының негізгі алгоритмдері қайта қарастырылды және аппараттық қуаттылықтар ұлғайтылды. Соның арқасында барлық жіберілген өтініштердің еш шалыссыз өңделуіне мүмкіндік туады. Сонымен қатар, тұрғындардың жұмыс уақытында бос болмайтынын және азаматтардың сұраныстарын ескере отырып, ыңғайлылық үшін өтініштерді қабылдау уақытын демалыс күндеріне жылжыту туралы шешім қабылданды, –деді Басқарма Төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Еске сала кетсек, сатып алушы пәтерді қолма-қол ақшаға немесе ипотека ресімдеу арқылы алу мүмкіндігіне ие. Енгізілген жаңа механизм бойынша 20% бастапқы жарнаны төлеу арқылы 12 жылға 3 жылдық үстемақымен алуға болады. Бөліп төлеу арқылы сатып алушы тек 1 пәтердерді сатып ала алады. Көлік тұрағын сатып алу аталмыш жүйеге кірмейді.

ЭКСПО қалашығындағы пәтерлердің шаршы метрі 39,6-дан -123,4 ш.м. -ге дейін бір-, екі-, үш- және төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Баспаналар ІІ санаттағы бизнес жайлылыққа сәйкес және таза әрлеу жүйесінде жүзеге асырылған. Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 тенгені, ал көлік тұрағы 735 000 теңгені құрайды.

Өтініш беру үшін кез келген азамат ең алдымен Digital Baiterek (http://digital.baiterek.gov.kz/login) сайтында тіркелуі керек. Өтініш беру үшін қажетті ақпараттың толық нұсқасын http://baiterekdevelopment.kz/kz/exporesidencekz/ сілтемесіне өту арқылы танысуға болады. Пәтерді сатып алу кезінде кедергілерге тап болмау мақсатында өтініш беру кезінде Google Chrome браузерін қолдануға ұсыныс беріледі.

Қосымша, «Байтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді сатуды жүзеге асыруда делдалдық қызмет түрлерін ұсынатын риэлторлық және өзге де ұйымдармен жұмыс істемейтіндігін хабарлайды.

 «EXPO Residence» ТК сатып алу және ресімдеу кезіндегі барлық төлемдер екінші деңгейлі банктерге қолма-қол ақшасыз аударым арқылы жүзеге асырылады.

Егер де ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінде пәтер алу жөнінде сұрақтар туындап жатса, «Байтерек девелопмент» АҚ -на мына телефон нөмірлеріне +7 (7172) 578-177 и 8 800 080 01 01 (Call-центр) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар