22.02.2022

ҚДБ қызметінің ашықтығы артады

ҚДБ қызметінің ашықтығы артады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков қатысты. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау тұжырымдамасын әзірлеу кезінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Жалғыз акционері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ұсынымдары ескерілді.

- Реформалау шеңберінде ҚДБ жоғары және орта деңгейде өңделген шикізаттық емес өнімдер өндірісін жеңілдікпен қаржыландыруға басымдық беретіні көзделіп отыр. Бұл ел үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ, көп капиталды қажет ететін ауқымды инвестициялық жобалар. Сонымен қатар, ҚДБ экспортқа бағдарланған өндірістерді, сондай-ақ технологиялар трансферіне, импортты алмастыруға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға баса назар аударады, - деп атап өтті Холдингтің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.

ҚДБ қызметін реформалау оның өнімдеріне қолжетімділікті кеңейтіп, қызметтердің жедел көрсетілуіне ықпал етеді. Мысалы, өтінімдерді қарау мерзімін 153 жұмыс күнінен 80 жұмыс күніне қысқарту, сондай-ақ кредиттік өтінімдер қабылданып, қарастырылатын цифрлық платформа енгізілмекші. Қашықтан қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін цифрлық банк сервисі «Банк-Клиент» іске қосылады. Сол арқылы клиенттерге операциялық қызмет көрсету мерзімдері қысқарады және кредиттік өтінімдердің мәртебесін ашық қадағалауға болады.

Сонымен қатар, ҚДБ екінші деңгейдегі банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен қоса қаржыландыру (синдикатталған кредит беру) тетіктерін дамытатын болады. Бұл Қазақстан экономикасын дамыту үшін жеке капиталды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар