19.12.2024
- Холдинг туралы
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ) – Марат Елібаевті ҚДБ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындады. Бұған дейін ол Банк Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Марат Талғатұлы Елібаев 1984 жылы туған. «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында London Business School аяқтап, қаржы магистрі дәрежесін алды. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.
Еңбек жолын 2004 жылы Deloitte «үлкен төрттік» компаниясында аудитор және аға аудитор лауазымдарында бастап, металлургия, тау-кен өнеркәсібі, мұнай және газ, көлік және логистика салаларындағы, сондай-ақ мемлекеттік компаниялардың жобаларына аудит жүргізді. 2007 жылдан 2010 жылға дейін PricewaterhouseCoopers компаниясында біріктіру және қосу бойынша менеджер лауазымында мансап жолын жалғастырды. 2010-2014 жылдары CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. компаниясында инвестициялық директор/вице-президент лауазымын атқарды. 2014 жылдан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Еуразия, Таяу Шығыс және Африка энергетика департаментінің бас банкирі лауазымын атқарып, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жөніндегі бағдарламаны дамытуға жауапты болды.
2022 жылдың наурызында ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Марат Елібаев жаңа лауазымда 2023 жылғы 5 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы болып тағайындалған Байбазаров Нұрлан Серікұлының орнына келді.
Анықтама үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08
Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz