Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

28.10.2026

ҚДБ мен екінші деңгейдегі банктер еліміздің жол инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту үшін күш біріктіруде

Кеңес ал!

28.10.2026

ҚДБ мен екінші деңгейдегі банктер еліміздің жол инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту үшін күш біріктіруде

ҚДБ мен екінші деңгейдегі банктер еліміздің жол инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту үшін күш біріктіруде

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру жобасын одан әрі іске асыру үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына екінші деңгейдегі банктер синдикатынан 700 миллион АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржыландыру тартуды мақұлдады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жоба аясындағы ҚДБ алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін екінші деңгейдегі банктердің, атап айтқанда Halyk Bank, Еуразиялық банк және «Банк ЦентрКредит» синдикатының қаражаты есебінен қайта қаржыландыру туралы келісім жасасты. Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым және Қазақстанның Даму Банкі Басқарма төрағасы Марат Елібаев та қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іс жүзінде орындау мақсатында Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп арнайы жобалық офис құрылды. Оның жұмысы барысында нақты шешімдер мен тетіктер әзірленді. Бүгін біз бірлескен жұмысымызды нақты практикалық нәтижелерге ұластырып отырмыз», – деп атап өтті Үсен Ғалым.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жобасы бойынша екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) синдикатының жасасқан келісімі ҚДБ мен қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің бірлескен жұмысы автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуға қалай ықпал ететінінің нақты мысалы болып табылады.

ҚДБ аталған жобаны қаржыландыруға 2024 жылдан бері қатысып келеді. Кредиттік келісім сомасы 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 3 272 км болатын 164 нысанда жұмыстар аяқталды. Ұзындығы 1 594 км болатын тағы 60 нысанда жұмыстар жалғасуда. Олардың қатарында Самара – Шымкент, Жезқазған – Петропавл, Доссор – Ақтау, Қызылорда – Павлодар және Екатеринбург – Алматы сияқты стратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелері және елдің өзге де маңызды көлік бағыттары бар. ҚДБ-ның «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жобаларына қатысу ауқымы Қазақстанның 15 өңірін, соның ішінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарын және Алматы қаласын қамтиды.

«Біз коммерциялық банктерді ел үшін басым стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау мақсатында қаржы ресурстары мен құзыреттерді біріктіре алатын серіктестер ретінде қарастырамыз. Мұндай тәсіл капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, ҚДБ жобаларына халықаралық қаржы институттарымен қатар екінші деңгейдегі банктердің де қатысуын икемді ұйымдастыруға, сондай-ақ ел экономикасын жедел дамытуға одан да көп ресурс бағыттауға мүмкіндік береді», – деді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Еліміздегі автомобиль жолдарын қалпына келтіру, реконструкциялау және салу жобалары ҚДБ-ның халықаралық қаржы институттарымен серіктестікте іске асырып жатқан ауқымды жобалар портфеліне кіреді. Мемлекеттік даму институттары мен екінші деңгейдегі банктердің өзара іс-қимылына негізделген, капиталды көп қажет ететін индустриялық жобаларды қаржыландыру моделі ҚДБ тәжірибесінде қолданылып келеді. Соның бір мысалы – «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС жобасы. Бұл ауқымды тау-кен байыту кешені әрі Орталық Азиядағы ең ірі ашық әдіспен игерілетін мыс кеніштерінің бірі. Кәсіпорын тұрақты операциялық көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін Halyk Bank ҚДБ қаржыландыруының екінші лимиті бойынша міндеттемелерге қызмет көрсетуді өз мойнына алды.

Банк 25 жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 19 трлн теңгеге 218 инвестициялық жобаны және 151 экспорттық операцияны қаржыландырды. ҚДБ қолдауымен 151 жаңа кәсіпорын пайдалануға беріліп, 38 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 2025 жылы Банк жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге 77 жобаны қаржыландырды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар