20.08.2021

«Дәрмен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахмат бойынша турнир жеңімпаздары марапатталды

«Дәрмен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахмат бойынша турнир жеңімпаздары марапатталды

«Бәйтерек» холдингінің ғимаратында 5-14 тамыз аралығында өткен «Дәрмен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахмат бойынша турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Турнирдің жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-17 жас аралығындағы 240-тан аса жасөспірім қатысты.

Бірінші және екінші кезеңдер Lichess.org платформасында онлайн форматта өтіп, қатысушыларды бақылау ZOOM бейнеконференциясы арқылы жүргізілді. Үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар 14 тамыз күні оффлайн режимде олимпиада жүйесі бойынша плей-оффта өнер көрсетті.

Нәтижесінде үш жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталды:

Фото 2.jpeg

9 жасқа дейінгі санатта:

1 орын - Сауран Бекмұханов (Орал);

2 орын - Рамазан Амангелді (Ақтау);

3 орын - Тимур Душатов (Алматы);

4 орын - Альбина Қайырбекова (Қарағанды).

Фото 3.jpeg

13 жасқа дейінгі санатта:

1 орын - Даниял Сапенов (Қарағанды);

2 орын - Ерғали Сүлеймен (Нұр-Сұлтан);

3 орын - Зарина Нұрғалиева (Атырау);

4 орын - Инаят Болат (Нұр-Сұлтан).

Фото 4.jpeg

17 жасқа дейінгі санатта:

1 орын - Қазыбек Нөгербек (Нұр-Сұлтан);

2 орын - Шыңғысхан Саржанов (Қостанай);

3 орын - Алуа Нұрманова (Алматы);

4 орын - Нұрдәулет Таңатов (Қызылорда).

Турнирді бірлесе ұйымдастырған ұйымдардың басшылары – «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Руслан Ысқақов және «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Алмас Құдайберген жүлдегерлерді марапаттап, құттықтады.

- Біз турнирді екінші жыл өткізіп отырмыз. Пандемияға байланысты шектеу шаралары белгіленгендіктен, өткен жылы біз оны онлайн режимде өткіздік. Биыл санитарлық шараларды сақтай отырып, жеңімпаздарды шақырып марапаттауды жөн көрдік. Ойындар өте қызықты және әсерлі болды, - дей келе, Айдар Әріпханов бүгінгі жеңімпаздар болашақта Қазақстанның мақтанышы болатынына сенім білдірді.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар