17.11.2023

Bgov.kz - бизнесті қаржылық қолдауға арналған бір терезе

Bgov.kz - бизнесті қаржылық қолдауға арналған бір терезе

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бизнесті қолдаудың www.bgov.kz Бірыңғай порталын енгізгені туралы хабарлайды. Портал кәсіпкерлік субъектілерінің микро бизнестен ірі бизнеске дейінгі барлық санаттағы қаржылық қолдау алу процесін жеңілдету мақсатында әзірленді.

Вgov.kz порталы «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингі және оның «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstsan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ қоса алғандағы еншілес ұйымдары ұсынатын қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Бүгінгі таңда портал қаржылық қолдаудың алты негізгі бағытын қамтиды: кредит беру, субсидиялау, лизинг, сақтандыру, кепілдік беру және инвестициялау.

Платформа кәсіпкерлерге бизнестің көлемі мен қызмет түріне байланысты қажетті қолдау құралын табуға, онлайн өтініш беруге және барлық кезеңдерде өтінімді қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.

«Bgov кәсіпкерлерге бір жерде өз бизнесіне сәйкес келетін қолдау құралын табуға көмектесуге арналған. Бұл бизнесмендердің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетеді және бизнеске қаржылық көмек көрсету процесінің ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «Байтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар