29.08.2023

Bereke Bank Mastercard төлем жүйесімен жұмысын қайта іске қосты

Bereke Bank Mastercard төлем жүйесімен жұмысын қайта іске қосты

Қазақстандық «Bereke Bank» АҚ халықаралық санкциялар алынғаннан кейін төлем карталарының жұмысын қалпына келтірген әлемдегі алғашқы қаржы институты. Халықаралық төлем жүйесімен толыққанды жұмыс небәрі үш айда жасалды, бұл әлемдік тәжірибеде әдеттегіден екі есе жылдам орындалған үдеріс.

Бүгінде, Банктің Mastercard карталарымен бүкіл әлем бойынша, соның ішінде сауда нүктелері, кафелер мен мейрамханалар, интернет-сайттар мен қосымшаларда төлем жүргізуге болады, аударымдар орындауға және қолма-қол ақша алуға болады. Сондай-ақ, клиенттерге онлайн операциялардың барлық түрлері, соның ішінде ұлттық және шетел валютасындағы аударымдар (АҚШ доллары, еуро, рубль және юань) қолжетімді.

 «Masterсard -пен жұмысты қайта бастау - біз үшін баға жетпес тәжірибе. Менің бұл процеске қатысқан әрбір қызметкерге алғысым шексіз. Өйткені, командалар қысқа мерзім ішінде жаңа қатысушыны MasterCard халықаралық төлем жүйесіне қосудың барлық процедураларынан өтіп, клиенттерімізге әлемнің кез келген нүктесінде қауіпсіз және сенімді транзакцияларға кепілдік беретін цифрлық төлем әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз етті. Bereke Bank операциялық қызметті толық қалпына келтіру бағытын ұстануда. Бүгінде, біз қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетудеміз, заңды және жеке тұлғалардың салымдарының өсу қарқыны бойынша нарықта көшбасшымыз. Клиенттеріміз белсенді түрде қайта банкке қайтып келуде. Біз олардың сенімін өте жоғары бағалаймыз және қызметтер мен ыңғайлы сервистердің толық спектрін ұсыну үшін жұмыс істейміз», - деп атап өтті «Bereke Bank»  АҚ Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко.

«Bereke Bank-тің MasterCard карталарының жаңа брендімен шығарылымды бастау үшін қажетті шараларды қысқа мерзімде өткізуі команданың жоғары кәсібилігі және клиенттерге әлемдік деңгейдегі қызметтерді ұсынуға деген жоғары ниеті туралы айтады. Біз, Bereke Bank тұтынушыларына MasterCard артықшылықтары мен арнайы ұсыныстары қолжетімді екеніне қуаныштымыз. Банкпен бірге біз қазақстандықтарға заманауи төлем құралдары мен сервистерді көбірек ұсынуға және цифрлық болашақты жақындату үшін 

одан әрі жұмыс істейтін боламыз», – деді Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.


Анықтама үшін:

«Bereke Bank» АҚ екінші деңгейдегі қазақстандық банк болып табылады, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.07.2023ж. жағдай бойынша ҚР ЕДБ Үздік 10-ның құрамына кіреді.

Банк барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9,4% - дан 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 11,0% - ға дейін өсті. Қаржы институты ай сайын пайда табуда, 2023 жылдың 7 айы бойынша пайда 14,6 млрд теңгені құрады.

«Bereke Bank» АҚ-ның 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын кең филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 20 қыркүйкте берген №1.2.199/93/31 Лицензиясы бойынша жұмыс істейді.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар