19.12.2024
- Холдинг туралы
Негізгі акционер ауысқаннан кейін Банк ребрендинг жүргізді, графикалық белгіден және ұйымның атауынан тұратын жаңа логотипін ұсынды.
«Береке» сөзі біздің мәдениетімізде ерекше мағынаға ие. Ақ ниет, жылы лебіз білдіріп, бата бергенде айтылады. «Ырыс-дәулетіміз, несібеміз мол болсын» деген тілек.
Жаңа белгінің түстер гаммасы жасыл түстің реңктерінен құралған, жаңару және ілгері дамуды білдіреді. Біз басқалардың дамуына көмектесу арқылы жаңа мүмкіндіктер әлемін ашамыз, адамдардың асқақ армандарына жетуіне, жетістіктерді бағындыруына, өркендеуіне өз септігімізді тигіземіз.
Bereke Bank логотипі қаржы институтының озық техникалық сараптамалар арқылы алға ұмтылуын, сондай-ақ кәсіби команданың ұзақ жылдық еңбегі нәтижесінде қалыптасқан тұрақтылықты білдіреді.
Логотип пішініндегі көкжиек бейнесі банктің ілгері дамуға және инновацияларға деген үздіксіз талпынысын айқындайды, мақсаты – клиенттерге келешегінен жақсы үміт күттіру.
Графикалық белгімен бірге логотипке бірегей қаріптік сызба әзірленді. Ол банкке тән тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді. Bereke Bank ертеңгі күнге деген сенімге негізделген ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасты құрады. Болашақта қол жеткізетін жетістіктер іргетасын тек осылай құруға болады.
Банктің басты мақсаты – клиенттердің өсіп-өркендеуіне жаңа көкжиек ашу.
«Жаңа фирмалық стильді таңдаған кезде, біздің мақсатымыз Банк имиджін клиенттердің сан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты ретінде сақтап қалу болды. Банк ұзақ жылдар бойы миллиондаған адамдарға бизнес ашуға және оны жүргізуге, жоспарлары мен армандарын іске асыруға көмектесе отырып, олардың сенімді серігіне айналды. Сонымен бірге біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін инновциялар жасап, оларды дамытуды жалғастырамыз. Осы байланысты сақтап қалу ребрендигтің маңызды міндеті болды», – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.
Естеріңізге салсақ, «Bereke Bank» АҚ бөлшек клиенттерді, микро және шағын бизнесті, сондай-ақ орта және ірі бизнесті қосқанда, қаржы қызметтерінің және сервистерінің кең спекторын ұсынады.
«Bereke Bank» АҚ-ның барлық филиалдық желісінің ребрендингі жоспарлы түрде жүргізіледі және оған жарты жылдай уақыт кетеді.