Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

21.02.2025

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын қолдаудың 2024 жылғы қорытындыларын таныстырды

Кеңес ал!

13.02.2025

«Байтерек» холдингі Қазақстан банктерімен қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылады

«Байтерек» холдингі Қазақстан банктерімен қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылады

13 ақпанда Қазақстанның қаржы секторы басшыларымен экономиканы жетілдіру және несиелендіру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. Кездесуге «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин де қатысты.

Кездесу барысында нақты секторды несиелендіруді кеңейту, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ базасында шағын және орта бизнесті несиелеуді кепілдендіру механизмін құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инвестициялық жобаларды синдикатталған (бірлескен) қаржыландыру және қосымша қаржыландыру құралдарын пайдалану арқылы іске асыру жөніндегі Жобалық офисінің мәртебесін арттыру және жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды.

Кездесу аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес несиелік берешегі бар азаматтарды қолдау шаралары талқыланды. Қаржы нарығының қатысушылары проблемалық несиелер деңгейін төмендету және халықтың қарыздық жүктемесін азайту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде цифрлық теңгені енгізу, Антифрод орталығы мен ұлттық төлем жүйелерін жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Жаңа банк туралы заң жобасында осы инфрақұрылымның жұмыс істеу қағидаттарын бекіту, қатысушылар арасындағы жауапкершілікті бөлу және қаржы нарығының барлық қатысушыларының оның қызметтеріне қосылуын міндетті ету көзделген. Сондай-ақ, қаржы секторының өкілдерімен цифрлық қаржы активтерінің айналымын реттеу ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Байтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин былай деп атап өтті:

«Біз кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бизнесті қолдау механизмдерін дамытуды жалғастырамыз. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ негізінде арнайы кепілдік қорының құрылуы – осы бағыттағы маңызды қадам, ол шағын және орта бизнесті несиелендіруді кеңейтуге және экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етеді».

Кездесу қорытындысы бойынша қаржы нарығын дамыту және экономиканы несиелендіру бойынша бірлескен жұмысты жүйелендіру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар