26.09.2018

«Бәйтерек Марафон» конкурсының қорытындылары шығарылды

«Бәйтерек Марафон» конкурсының қорытындылары шығарылды

«Бәйтерек» холдингі компания қызметкерлері мен еншілес ұйымдарға арналған әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған «Бәйтерек Марафон» конкурсының қорытындыларын жинақтады. Ақпараттық марафонның белсенді қатысушысы – Тараз қаласындағы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының мониторинг жөніндегі менеджері  Анвар Ханбабаев жеңімпаз атанды.

Конкурс шарттары бойынша әрбір қатысушы он жеті күн ішінде әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында әр түрлі жұмыс бағыттары мен «Бәйтерек» холдингінің жетістіктері туралы әңгімелеуі қажет болды. Күн сайын акция қатысушыларына нақты пост тақырыптары – инвестициялық саясат, бизнеске қолдау көрсету, трансферт және жаңа технологияларды енгізу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, тұрғын үй бағдарламалары салаларында және басқа да тақырыптар ұсынылды.

Сондай-ақ, холдинг қызметкерлерінің жазған көптеген посттары арқасында әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың көпшілігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің негізгі нәтижелері туралы анық әрі қолжетімді ақпарат алуы марафонның негізгі нәтижесі болды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар