19.12.2024
- Холдинг туралы
Қазақстандық PR-кеңесші Ринат Балғабаев «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымының баспасөз хатшылары үшін «Әлеуметтік желілерде идеяларды ілгерілету. 2020 жылдың трендтері» атты медиатренинг өткізді.
Медиа маман SMM-нің идеяларды ілгерілету және мүдделерді қорғау ресурсы ретіндегі әлеуеті туралы айтып, алға жылжытудың түрлі құралдары және тәсілдерімен, сондай-ақ тиімділікті бағалау критерийлерімен және негативпен жұмыс істеу әдістерімен таныстырды.
Ринат Балғабаев – белгілі блогер, интернет-маркетолог, White Media жарнама агенттігінің және көптеген табысты интернет-жобалардың негізін қалаушы.
Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингіне ірі, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысын, венчурлік капиталды, елдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін дамытумен айналысатын 11 еншілес компания кіреді.