29.09.2023
- Холдинг туралы
Тележурналист және медиатренер Ғазиза Райымбек «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының баспасөз қызметкерлері үшін БАҚ-мен өзара қарым-қатынас орнату мәселелеріне қатысты тренинг өткізді.
Журналистермен жұмыс істей білу, оларға дер кезінде нақты, қоғам үшін маңызды, шынайы ақпаратты тарату PR кәсібіне қойылатын ең маңызды талаптарының бірі болып табылады.
- Жаңалықтар – ол күн сайын жаңа ақпараттық себептерді, жаңалықтардың және статистиканың жаңаруын талап ететін «тойымсыз» машина іспеттес. Жаңалықтар кешегі бола алмайды. Олар тек қазір және осы жерде болуы тиіс. Сондықтан оны журналистерге осындай режимде ұсынып отыру қажет, - деп атап өтті Ғазиза Райымбек.
Өзара қарым-қатынас орнатуда БАҚ дұрыс таңдау үшін өзіңіздің бағытты аудторияңызды – PR-қызметіңіз қоғамның қандай топтарына бағытталғанын анықтап алу керек. Бұған, әрине, БАҚ-тың қандай түрлерін таңдау керектігі баланысты.
«Бәйтерек» холдингінің құрамына еліміздің ірі, орта және шағын бизнесін, тұрғын үй құрылысын, венчурлық капиталын, инвестициялық және экспорттық әлеуетін дамытумен айналысатын 11 еншілес компания кіреді.