13.07.2019

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары Тәджікстанда және Қырғызстанда ынтымақтастығын кеңейтеді

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары Тәджікстанда және Қырғызстанда ынтымақтастығын кеңейтеді

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Айдар Арифханов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің басшылығымен үкіметтік делегация құрамында шілденің 11-12 жұлдызында Тәджікстан мен Қырғызстанға барып келді

 

Холдингтің еншілес ұйымдарының ресми сапарлары шеңберінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сөйтіп, «KazakhExport» ЭСК» АҚ  Душанбеде тәджік әріптестерімен келісімге қол қойды.

 

Бұл жерде «Таджиксельхозлизинг» мемлекеттік кәсіпорны KazakhExport қолдауымен «Агромашхолдиинг» АҚ-нан ESSIL маркалы қазақстандық құрастыруды және басқа ауыл шаруашылық техникасын сатып алады.

 

Сонымен бірге, Еуразиялық Даму Банкі және «Рохи Охани Точикистон» мемлекеттік кәсіпорны (Тәджік теміржолдары) KazakhExport сақтық қолдау кезінде теміржол машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша бірлескен жобаны іске асыру туралы келісті. Тәджік тарабы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ манервлік және магистралды локомотивтерді, «Қазақстандық вагон құрылыс компаниясы» ЖШС шығарылатын жүк вагондары мен жартылай вагондарын, сондай-ақ «Ақтөбе рельсбелағаштық зауыт» ЖШС шығарылатын теміржол рельстерін сатып алуға қызығушылық білдірді.

 

Бұдан басқа, «Дусти 2017» ЖШҚ және KazakhExport Вахш өзенінде Рогунской ГЭС салу үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шығарылған 30 мың тонна арматураны жеткізуге бағытталған Келісімге қол қойды.

 

Сонымен бірге, Бішкекте қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңестің, «KazakhExport» АҚ отырысы шеңберінде «AAEngineering Group» ЖШС және «Глобал Джамгыр Майнинг» ҰБҚЖРО-мен (Шатқал өңірінде Джамгыр кенін өңдіретін алтын өңдіруші компания) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті даму қоры» АҚ шағын және орта бизнеске көмектесу үшін құрылған «Кепілдік қоры» ААҚ-мен Меморандум жасалды.

 

- Микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталатын «Кепілдік қоры» ААҚ-мен бірлесен бағдарламалар мен жобалар бойынша екі ел кәсіпкерлерін қолдау бойынша шаралар тізімін кеңейтуді жоспарлаймыз, - деп атап өтті «Даму» Қоры Басқармасының Төрағасы Гаухар Бурибаева.

 

Ресми деректерге сәйкес 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы Қазақстан мен Тәджікстан арасындағы тауар айналымы 250,1 млн., оның ішінде экспорт – 184 млн және импорт – 66,2 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Өз кезегінде, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы қарастырылатын кезеңде 250,4 млн., оның ішінде экспорт – 169,9 млн. және импорт – 80,5 млн. АҚШ долларын құрады.

 

 

Суреттер ҚР Премьер-Министр баспасөз ақпаратымен ұсынылды.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар