30.01.2020

«Бәйтерек» холдингі құрылғаннан бері ҚДБ-нің несие портфелі 4,6 есе өсті

«Бәйтерек» холдингі құрылғаннан бері ҚДБ-нің несие портфелі 4,6 есе өсті

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) кредиттік қоржынын ұлғайтуды жалғастыруда, оның көлемі 2019 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 2018 жылмен салыстырғанда 31,5 млрд теңгеге немесе 1,9 % ұлғайып, 1 728 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте «Бәйтерек» холдингі құрылған 2013 жылмен салыстырғанда Даму Банкінің кредиттік қоржынының көлемі 4,6 есе немесе 356% өсті.

 

ҚДБ 2019 жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады – аудиттелмеген деректер бойынша шоғырландырылған таза пайда 7,5 млрд теңгені құрады. Меншікті капиталдың көлемі 424,1 млрд теңгені құрады, өсім 2018 жылмен салыстырғанда 12,8% құрады.

 

Есепті кезең ішінде экономиканы несиелеуге ҚДБ тарапынан 481 млрд теңге (28 млрд теңге сомасындағы банкаралық несиелеуді қоса алғанда)  салынған, ал тікелей кредиттеу шеңберінде Банк жалпы сомасы 436,5 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жобаны және шикізаттық емес салалар кәсіпорындарының 3 экспорттық операциясын қаржыландыруды мақұлдады. Бұл Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт СЭС құрылысы, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысы, Шымкент қаласындағы метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы, Ақтоғай КБК қайта өңдеу қуаттарын кеңейту, ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету,  Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының 2 кезеңінің құрылысы сияқты ірі жобалар.

 

Қорландыру құрылымындағы мемлекеттік қаражаттың үлесін азайту мақсатында Даму Банкі баламалы көздерді іздестіруге назар аударады. Қажетті қорландыру базасын қамтамасыз ету үшін Даму Банкі капиталдың ішкі нарығында да, халықаралық нарығында да әртүрлі қарыздану құралдарын – облигациялар шығару мен орналастыруды, банкаралық және бюджеттік кредиттер тартуды, депозиттер тартуды, кредит желілерін игеруді және т.б. пайдаланады.

 

 2019 жылы мемлекеттік қаражаттың әрбір теңгесіне нарықтық шарттармен 1,17 теңге қарыздану тартылды. ҚДБ өткен жылы әртүрлі көздерден тартқан 329,5 млрд теңге қорландыру қорының 54%-ы (177,9 млрд тг) нарықтық қаражатқа келеді. Осылайша, ҚДБ Банк қарыз алушыларының ұлттық валютадағы кредит ресурстарына деген өскелең сұранысын қамтамасыз етуге ұмтылады. Банк кредиттік қоржынының құрылымындағы теңгемен берілетін қарыздың үлесі 2018 жылғы 43%-дан (721,7 млрд теңге) 2019 жылдың қорытындылары бойынша 53%-ға (915,3 млрд теңге) дейін өсті. 2013 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылғаннан бері ҚДБ тарапынан ұлттық валютадағы кредиттік қоржынның үлесі 12 есеге дерлік артты.

 

2019 жыл Қазақстанның салаларына зор мультипликативтік тиімділік беретін ел үшін маңызы бар жобалардың пайдалануға енгізілуімен есте қалды: олар Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС-ның ферросилиций өндіретін жоғары технологиялы зауыты, Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-ның күш трансформаторларын жасайтын зауыты, «Сарыарқа» магистралды газ құбыры, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенін салу. Банк сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы құзыретін де белсенді түрде арттыруда, өткен жылы Қапшағай қаласындағы «Nurgisa» күн электр станциясы, Түркістан облысындағы «Жылға» күн электр станциясы және Ақмола облысындағы «Астана EXPO-2017» жел электр станциясы іске қосылды.

 

2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ИИДМБ) жүзеге асыру аясында, ҚДБ жалпы құны 467,8 млн теңгені құрайтын (оның ішінде 253 млрд теңге мемлекеттік қаражат көздерінен) 23 жобаны қаржыландыруға мақұлданған, қаржыландыруға қолжетімді сома 113,2 млрд теңгені құрайды. Бұл келесі ірі жобалар: Ақтөбе рельс-арқалық зауытының құрылысы, Қаратау қаласындағы цианисті натрий өндіретін зауыт, Ақтаудағы минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялау, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталықтың құрылысы, Екібастұзда темір жол доңғалақтарын жасау  бойынша кешен құру, Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту, Шымкенттегі күш трансформаторларын жасайтын зауыттың құрылысы, Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының құрылысы (1 және 2-кезең), Қарағандыдағы ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысы, Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту, Шымкент қаласындағы метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы.

 

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ іске асыру кезеңі ішінде 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, 2019 жылғы алдын ала қорытындысы бойынша 450 млрд теңгеге жуық сомасындағы өнім сатылды, 168 млрд теңгеге жуық сомасындағы өнім экспортталды, қазынаға 83 млрд тенге көлемінде салық төленді.

 

2020 және 2021 жылдары Банк тиісінше 430 млрд теңгеге және 458 млрд теңгеге жуық сомадағы жобалар бойынша игеруді жоспарлауда. Осылайша, 2021 жылға қарай Банктің кредиттік қоржыны шамамен 2 трлн теңгені құрайды. Ағымдағы жылы ҚДБ несиелердің жалпы құны 1 трл теңгені құрайтын ықтимал жобалар қоржынын айқындады, олардың салалық құрылымы негізінен өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы жобалардан тұрады.

 

Банктің стратегиялық жоспарларында «Бәйтерек» холдингі мен Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, қазақстандық экспорттаушыларды белсенді түрде қолдау, «жасыл» жобаларды, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы  ЖЭК және экологиялық таза жобаларды қаржыландыру жөніндегі құзыретті белсенді түрде дамыту, екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп жобалармен жұмыс істеу, сондай-ақ халықаралық инвесторлармен ынтымақтасу міндеті тұр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар