10.06.2019

«Бәйтерек» холдингі мен ресейлік даму институттары ПХЭФ-да ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен ресейлік даму институттары ПХЭФ-да ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов ағымдағы жылдың 6-8 маусымы аралығында өткен Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында ресейлік даму институттарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

Осылайша, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ еншілес банкінің басқарма төрағасы Александр Камаловпен, «Ресей экспорттық орталығы» АҚ вице-президенті және «ЭСКАР» АҚ Бас директоры Никита Гусаковпен, сондай-ақ «ВЭБ. РФ» АҚ мемкорпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Даниил Алгульянмен екі жақты келіссөздер жүргізілді.

Ресейлік әріптестермен кездесуде Айдар Әріпханов 11 мемлекеттік даму институттары, қаржы ұйымдары және ұлттық компаниялар басқаратын Қазақстан Үкіметінің негізгі қаржы операторы - "Бәйтерек" холдингінің қызметі туралы айтып берді.

- Біздің ойымызша, ПХЭФ-2019 алаңындағы кездесулер "Бәйтерек" холдингіне екіжақты маңызы бар өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау мақсатында қарыздық және меншікті капитал тарту үшін жетекші ресейлік даму институттарымен және жеке инвестициялық компаниялармен белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өз тарапынан Холдинг еншілес ұйымдар деңгейінде ынтымақтасуға да, Ресейде өз бизнесін дамытуға мүдделі жеке қазақстандық компанияларды тартуға да дайын, - деп атап өтті холдинг басшысы.   

Естеріңізге сала кетейік, Петербург Халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері өткізіліп келеді, ал 2006-шы жылдан бері РФ Президентінің патронатымен ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылы Форум «Тұрақты дамудың күн тәртібін қалыптастыра келе» деген тақырыпта өтті. Оған әлемнің 145 елінен 19 мың адам қатысты. Сондай - ақ, 3,1 трлн рубль сомасына 650 мәміле жасалды. 

Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингінің өкілдері ПХЭФ-ға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарған қазақстандық делегация құрамында қатысты. 

 

2

 

 

3

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар