11.02.2025 11:32:00
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2018 жылғы Астана экономикалық форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстандық БҰҰ-мен ынтымақтастықта бола отырып, «Әлеміміздің өзгеруі, бизнестің жаһандық күн тәртібіне қол жеткізудегі рөлі» тақырыбындағы панельдік сессиясын өткізеді.
БҰҰ-ның барлық елдерімен қабылданған орнықты даму мақсаттары (ОДМ) – кедейліктің алдын алу, планетаны қорғау және бүкіл әлемдегі адамдардың гүлденуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерге әмбебап шақыру. Бизнес және тұрақты даму жөніндегі комиссияның ағымдағы есебіне сәйкес, осы мақсаттарға жету нарықтың кем дегенде 12 триллион долларға жетуіне, ал 2020 жылға қарай азық-түлік және ауыл шаруашылығы, қалалар, энергетика және шикізат, денсаулық және жайлы өмір төрт экономикалық жүйеде 380 миллион жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық қалай жүзеге асырылады? ОБМ-ға қол жеткізудегі бизнестің рөлі қандай және ол қандай пайда әкеледі?
Спикерлер халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және қазақстандық бизнестің өкілдері болады.