18.11.2023

«Бәйтерек» жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты

«Бәйтерек» жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов VI Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге (Kazakhstan Global Investment Roundtable) қатысты, онда жыл сайын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, қаржы секторының өкілдері, саясаткерлер мен әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар жиналады.

IMG_9347.JPG

Осы жылдар ішінде KGIR өзін Қазақстан мен халықаралық инвестициялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді диалог алаңы ретінде көрсетті.

Ағымдағы жылдың күн тәртібінде инновациялық технологияларды пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және т. б. тақырыптар бар.

IMG_9348.JPG

Нұрболат Айдапкелов атап айтқандай, АӨК саласында аграрлық бизнесті қолдаудың көп деңгейлі жүйесі құрылған. Микрокредиттер арқылы холдинг жеке аула шаруашылықтарын кеңейтуге және жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары түрінде ұйымның жоғары деңгейіне өтуге ынталандырады.

Осылайша, шаруашылықтар «жетілуіне» қарай олардың алдында кредиттік серіктестіктердің қатысушылары болуға немесе Холдингтің еншілес ұйымы - Аграрлық кредиттік корпорациядан негізгі құралдарды сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға, сондай-ақ ҚазАгроҚаржы арқылы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға тікелей қаражат алуға мүмкіндіктер ашылады.

IMG_9350.JPG

VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел алаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Pfizer, Lasselsberger Group және Al Rajhi International for Investment (RAII) компанияларының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ аясында елімізде жаңа жобаларды жүзеге асыруға инвесторлармен 26 меморандум мен коммерциялық құжаттарға қол қойылған болатын.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар