Кеңес ал!

18.09.2026

«Бәйтерек» пен Silk Road Fund бірлескен инвестициялық қор құру мәселесін талқылады

«Бәйтерек» пен Silk Road Fund бірлескен инвестициялық қор құру мәселесін талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Silk Road Fund атқарушы вице-президенті Ли Хунчэнмен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан-Қытай тікелей инвестициялар қорын құру мәселесін және Қазақстан экономикасының басым салаларындағы жобаларды қаржыландыру перспективаларын талқылады. Кездесуге сондай-ақ Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасарлары Тимур Онжанов пен Жандос Шайхы, Qazaqstan Investment Corporation Басқарма төрағасы Дидар Кәрімсақов және қытайлық қордың өкілдері қатысты.

Кездесуде бірлескен қорды құру жөніндегі алдағы қадамдарға баса назар аударылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Сямэнь қаласында Silk Road Fund, Qazaqstan Investment Corporation және Sturgeon Capital Kazakhstan қор құрудың негізгі шарттары туралы құжатқа қол қойған болатын. Келесі кезеңде қордың құрылымы мен түпкілікті инвестициялық құжаттарды келісуді аяқтап, одан кейін алғашқы мәмілелерді іріктеуге және құрылымдауға көшу көзделген.

Қордың нысаналы көлемі 200 млн АҚШ долларына дейінгі соманы құрайды, алғашқы кезеңде 100 млн доллар тарту жоспарланып отыр. Қорды «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құру көзделуде. Инвестициялардың кемінде 70%-ын Қазақстандағы жобаларға бағыттау жоспарланған. Басым бағыттар қатарында көлік және логистика, инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар бар.

Рустам Қарағойшин отандық жобаларды қолдау және өндірістік кооперацияны дамыту үшін әріптестіктің маңызын атап өтті.

«Біз қытайлық компаниялардың жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жабдық жеткізушілері және технологиялық серіктестер ретінде қатысуын құптаймыз. Мұндай формат тараптардың жобаларды табысты іске асыруға өзара мүдделілігін қамтамасыз етіп, елдеріміз арасында тұрақты өндірістік тізбектер қалыптастырады», – деді ол.

Холдинг басшысы сондай-ақ «Бәйтерек» пен QIC жобаларды сүйемелдеуге, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға және қажетті келісу рәсімдерінен өтуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Бірлескен қор құру қазақстандық кәсіпорындардың ұзақ мерзімді капиталға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Silk Road Fund-пен ынтымақтастық Қазақстандағы өндіріс пен инфрақұрылымды дамыту үшін инвестициялық ресурстарды, қытайлық серіктестердің технологиялық мүмкіндіктерін және жергілікті мамандардың сараптамалық тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар