21.09.2020

«Бәйтерек» холдингінің қызметкерлері мемлекеттік тілдің рөлі туралы эссе жазды

«Бәйтерек» холдингінің қызметкерлері мемлекеттік тілдің рөлі туралы эссе жазды

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» атты тақырыбында өз қызметкерлерінің электронды форматтағы эссе жинағын шығарды.

 

Жинақты Операциялық қызмет департаменті әзірледі, онда Холдингтің 10 қызметкері мемлекеттік тілді дамыту бойынша өз ойларымен бөлісті.

 

- Бүгінде «Бәйтерек» холдингі қызметкерлерінің басым бөлігі үш тілде сөйлейді. Мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа, олар ағылшын тілін де еркін меңгерген. Біздің арамызда қытай тілін жетік білетін қызметкерлер де жұмыс істейді. Корпоративтік мәдениет пен құжат айналымында мемлекеттік тілге басымдық беріледі. Сонымен қатар, біз көптілділіктің мемлекеттік саясатын белсенді қолдаймыз. Холдингте қызметкерлеріміз үшін тілдік курстар өткізіледі, - деп атап өтті Холдингтің Аппарат басшысы Дина Акрачкова.

 

Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітілді. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес мереке 5 қыркүйекте қазақтың қоғам қайраткері, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушылардың бірі, ғалым және әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде атап өтіледі.

 

Қазақстан халқының Тілдер күні - бұл 100-ден астам этностардың біртұтас тату отбасын білдіретін әрбір қазақстандықтың мерекесі.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар