Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

19.09.2026

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобының 200-ден астам қызметкері сенбілікке шықты

Кеңес ал!

19.09.2026

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобының 200-ден астам қызметкері сенбілікке шықты

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобының 200-ден астам қызметкері сенбілікке шықты

Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шараға 200-ден астам адам жиналды.

Қатысушылар аумақты тазалап, елорданың тазалығын сақтауға және абаттандырылуына өз үлестерін қосты. Холдинг ұжымы үшін экологиялық акцияларға қатысу қызметкерлерді ортақ іске жұмылдырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін игі дәстүрге айналды.

«Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдарымыз жыл сайын «Таза Қазақстан» жобасының іс-шараларына белсенді қатысады. Қаланы таза әрі өмір сүруге қолайлы етуге деген ортақ ұмтылыс бізді біріктіреді. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрқайсымыздың қарапайым іс-әрекетімізден басталады. Осындай бірлескен бастамалар табиғатқа қамқорлықты күнделікті әдетке айналдыруға көмектеседі», - деп атап өтті Холдингтің аппарат басшысы Дина Акрачкова.

Сенбілікке қатысу Холдингтің компаниялар тобының экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және баршаға ортақ қала кеңістігіне ұқыпты қарауға бейілділігін көрсетеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар