Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

26.12.2024

«Бәйтерек» холдингі аграршыларды қаржыландыру мақсатында алғаш рет ESG облигацияларын шығарды

20.09.2022

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев америкалық бизнесмендермен өткен дөңгелек үстелге қатысты

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев америкалық бизнесмендермен өткен дөңгелек үстелге қатысты

2022 жылғы 19 қыркүйекте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысып жатқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде америкалық бизнестің «капитандарымен» өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Бәйтерек холдингінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «J. P. Morgan Chase» және «Franklin Templeton» сияқты жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесулеріне қатысты. Қанат Шарлапаев атап өткендей, экономиканың шикізаттық емес секторларына ұзақ мерзімді кредит беру нарығының 47%-ы Холдингке тиесілі. Холдинг басшысы америкалық қаржы институттарымен, нақты айтқанда жобалық қаржыландыру бағытында екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Grupo Los Grobo» бас директоры Густаво Гробокопател мырзамен кездесуі барысында "Бәйтерек" ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Холдингтің шетелдік инвесторлармен табысты ынтымақтастық орнатуға мүдделі және қолданыстағы кредиттік бағдарламалар шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру бойынша нақты ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті, өйткені Бәйтерек холдингінің құрылымында ауыл шаруашылығын қолдайтын мамандандырылған даму институттары бар.

фото_222.jpg

Сапар барысында Холдинг басшысы «Blackstone Group», «Portfolio Advisors LLC», «Citigroup Inc.», «J.P. Morgan DFI» сияқты компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар әлеуетті ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша Қ. Шарлапаев америкалық әріптестеріне Қазақстанның қаржылық-экономикалық дамуына белсенді қатысуға және ынтымақтастыққа қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді.

фото_3.jpg

Жалпы, Дөңгелек үстелге қатысушылар энергетика, көлік және логистика, өңірлік интеграция, денсаулық сақтау, қызмет көрсету және т.б. салалардағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар