27.10.2022

«Бәйтерек» холдингінде Қоғамдық кеңестің күндізгі отырысы болып өтті

«Бәйтерек» холдингінде Қоғамдық кеңестің күндізгі отырысы болып өтті
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы бүгін «Бәйтерек» холдингінде болып өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысы барысында Холдингтің еншілес ұйымдары - «Отбасы Банк» АҚ және «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ қызметінің қорытындылары туралы ақпарат тыңдалды. 

Ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі қызмет көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша аталған компаниялар кредит беру төлемдерін жақсарту, сондай-ақ халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізген.

«Отбасы Банк» АҚ 2022 жылдың 9 айында нарықтық бағдарламалар шеңберінде берілген қарыздардың үлесі 88%-ды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде - 12%-ды құрайтынын хабарлады. Сонымен қатар бірыңғай зейнетақы төлемдерін пайдалану игеріліп, цифрландыру бағдарламаларының іске асырылған функционалы - мобильді банкинг, баспана маркет, CRM-жүйе және чат-боттар ұсынылды.

Өз кезегінде «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сату, сондай-ақ ипотекалық қарыздарды субсидиялау жөніндегі қызметтің нәтижелерін таныстырды.

Бұған қоса, отырыс соңында Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарының ағымдағы мәселелері талқыланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар