21.02.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
19 ақпанда холдинг пен оның еншілес ұйымдарының корпоративтік хатшылары тәуелсіз директорлармен кездесіп, корпоративтік басқаруда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар цифрландыру, табысты халықаралық тәжірибелер, ЖИ енгізудің ықтимал кедергілері және бұл процестегі тәуелсіз директорлардың рөлі туралы пікір алмасты.
Ерекше назар 2025 жылғы Digital Almaty халықаралық цифрлық форумының қорытындыларына аударылды. Бұл форум тәжірибе алмасу және әртүрлі салаларда, соның ішінде корпоративтік басқаруда ЖИ болашағын талқылау үшін маңызды платформаға айналды.
«Жасанды интеллектіні корпоративтік басқаруға интеграциялау – бұл жай ғана тренд емес, тұрақты дамуға ұмтылатын компаниялар үшін қажеттілік. ЖИ енгізу процесін технологиялық мүмкіндіктермен қатар этикалық аспектілерді де ескеретіндей етіп құру маңызды. Басты мақсат – адамды алмастыру емес, оның теңдестірілген шешім қабылдау қабілетін күшейту», – деді «Бәйтерек» ҰБХ АҚ тәуелсіз директоры Мари-Элен Берар.
Талқылау барысында қатысушылар жасанды интеллект Қазақстандағы корпоративтік басқару тиімділігін қалай арттыра алатынын, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қандай халықаралық тәжірибелерді бейімдеуге болатынын, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолында қандай кедергілер пайда болуы мүмкін екенін қарастырды.
«Жасанды интеллектіні енгізу бізге тек процестерді автоматтандыруға ғана емес, сонымен қатар шешім қабылдаудың неғұрлым ашық әрі аналитикалық негізделген жүйесін құруға мүмкіндік береді. ЖИ технологиялары корпоративтік хатшылар мен тәуелсіз директорларға субъективтілікті барынша азайтып, басқарудың барлық деңгейлерінде жауапкершілікті арттыра отырып, неғұрлым теңгерімді шешімдер қабылдауға көмектесетін құралға айналуы маңызды», – деп атап өтті Холдингтің Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы – корпоративтік хатшының орынбасары Ардақ Жұмағалиев.
Холдинг корпоративтік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін заманауи технологияларды пайдалануды жалғастырады.