Кеңес ал!

05.11.2025

«Бәйтерек» холдингінде China Huadian Corporation делегациясымен кездесу өтті

«Бәйтерек» холдингінде China Huadian Corporation делегациясымен кездесу өтті

4 қарашада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Қытайдың мемлекеттік China Huadian Corporation Ltd. компаниясының вице-президенті У Цзинкай бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Маңғыстау облысында қуаттылығы 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылу барысын талқылады. Жобаның жалпы құны 190 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жобаны жүзеге асыруға Холдингтің еншілес ұйымдары — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қатысып отыр.

Сонымен қатар, кездесуде China Huadian Corporation компаниясының Қазақстандағы жаңа инвестициялық бастамалары, соның ішінде энергетика саласындағы перспективалы жобалар талқыланды.

Холдинг басшысы Рустам Қарагойшин қытайлық әріптестермен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті:

«Бәйтерек» холдингі энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобаларға басымдық береді. Біз инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін бастамаларды табысты іске асыруға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз», — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және ірі энергетикалық жобаларды бірлесе жүзеге асыру бағытында серіктестікті кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Анықтама үшін:
China Huadian Corporation Ltd. — 2002 жылы құрылған Қытайдың мемлекеттік энергетикалық корпорациясы. Негізгі қызметі — электр және жылу энергиясын өндіру мен жеткізу. Компания газ генерациясы саласында Қытай Халық Республикасының жетекші энергетикалық холдингтерінің бірі болып саналады және Вьетнам, Камбоджа, Индонезия, Бангладеш, Ресей, Канада және Испания сияқты елдерде жобаларды жүзеге асырады. Компанияның жалпы орнатылған қуаты 280 ГВт-тан асады, оның ішінде 43%-дан астамы жаңартылатын энергия көздерімен (гидро-, жел- және күн электр станциялары) өндірілетін нысандарға тиесілі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар