20.09.2021

«Бәйтерек» холдингі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

«Бәйтерек» холдингі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды.

 

Қоғамдық кеңес Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде құрылғанын атап өтеміз.

 

Жұмыс тобы Холдингтің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды Холдингтің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады. Конкурстық іріктеу және сайлау рәсімдері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес жүргізілді.

 

Қоғамдық кеңестің құрамы 11 адам болып бекітілді. Осылайша, оған мыналар кірді:

Баталов Раимбек Анварұлы - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы қауымдастығы» ЗТБ өкілі;

Жакитова Шолпан Сапарғалиқызы - «Бизнес, қоғам және мемлекет байланысы қауымдастығы» ЗТБ өкілі;

Коробейникова Анна Александровна - азаматтық қоғамның өкілі;

Мещеряков Илья Николаевич - «Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығы» ЗТБ өкілі;

Нұртаев Тимур Таймасұлы - азаматтық қоғамның өкілі;

Сауранбаев Ералы Болатұлы - «Қазақстанның құрылыс салалары одағы» ЗТБ өкілі;

Тарасенко Елена Ивановна - азаматтық қоғамның өкілі;

Үшбаев Әнуар Даниярұлы - азаматтық қоғамның өкілі;

Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы - Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары;

Хамитов Ерсаин Ербулатұлы - Басқарушы директор, Холдингтің Басқарма мүшесі;

Ержанова Мадина Нұржанқызы - Холдингтің Стратегия және талдау департаментінің директоры.

 

Кеңестің таяудағы отырысында оның төрағасы сайланады.

 

Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтының арнайы құрылған бөлімінде орналастырылатын болады.

 

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар