19.12.2024
- Холдинг туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында «Бәйтерек» холдингі Қытайдың ірі қаржы институттарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың атап өтуінше, Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, Өнеркәсіптік-коммерциялық банкі және China International Capital Corporation сынды қаржы институттарымен ынтымақтастық туралы келісім рәсімделген.
«Біз біраз уақыттан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан ірі қаржы институты – Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен келісім Қазақстандағы жобаларды қаржыландырудың жалғасы саналады», - деп атап өтеді Қанат Шарлапаев. «Бәйтерек» холдингі басшысының атап өтуінше, келесі құжат тек қана Қытайда ғана емес, сонымен бірге әлемде жетекші орынға ие болып отырған қаржы институты – Қытайдың Өнеркәсіптік-коммерциялық банкімен рәсімделген.
Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі мен China International Capital Corporation арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. «Біз аталған инвестициялық институтпен бірге ынтымақтастықты дамытатын боламыз», - деп атап өтеді Қанат Шарлапаев.
«Бәйтерек» холдингінің басшысы қазақстандық және қытайлық ірі компаниялардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысын айрықша атап өтті.
«Біз қытайлық бизнес тарапынан Қазақстанмен өзара іс-қимыл мен қазақстандық экономикаға инвестицияны ұлғайтуға деген зор қызығушылықты байқап отырмыз», - деп қосты ол.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі даму институты және Қазақстан Үкіметінің басты қаржы агенті саналады. Ол Қазақстан экономикасыны негізгі басым секторларына қолдау көрсетеді. Холдингтің жалпы активі 29 млрд долларды, ал капиталы 3,8 млрд долларды құрайды.
Холдинг пен оның 8 қоржындық компаниясы келесі стратегиялық бағыттарда шоғырланған: өнеркәсіптік және инновациялық даму, ұлттық өнімдер экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту әне тұрғын үй- құрылыс секторы. Мұнан бөлек, «Бәйтерек» холдингі «жасыл» жобаларды дамытуға айрықша назар аударып отыр.