Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

22.05.2025

Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингінің экономиканың нақты секторын қаржыландыру жөніндегі басым міндетін атап өтті

Кеңес ал!

21.05.2025

«Бәйтерек» холдингі өсімдік майы өнімдерін экспорттауға арналған қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосты

«Бәйтерек» холдингі өсімдік майы өнімдерін экспорттауға арналған қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосты

21 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің алаңында Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және Шығыс Қазақстанның жетекші май өңдеу кәсіпорындары — «Altyn Shyghys» ЖШС мен «Qazaq-Astyq Group» ЖШС арасында үшжақты келісімдерге қол қойылды.

«Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы алғы сөзінде бұл келісімге қол қою рәсімі Холдинг стратегиясының маңызды кезеңі екенін атап өтті.

«Қазақстанның майлы өнімдері халықаралық аренада өзін дәлелдеді, өндіріс пен экспорт көлемі айтарлықтай өсті. «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының міндеті – сауда қаржыландыруы, айналым қаражатын несиелеу және экспорттық операцияларды сақтандыру сияқты қаржылық қолдау құралдарының толық спектрін ұсыну. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың жаңа деңгейге шығуына, жеткізу географиясын кеңейтуге және сыртқы нарықтардағы еліміздің позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Қол қою рәсіміне Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары – Қазақстанның Даму Банкі басқармасының төрағасы Марат Елібаев, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқарма төрағасы Аллен Чайжүнісов, сондай-ақ «Altyn Shyghys» ЖШС-нің коммерциялық директоры Жандос Абдықалықов пен «Qazaq-Astyq Group» ЖШС-нің бас директоры Николай Ушаков қатысты.

Келісімдер Қазақстанның май өнімдерін экспорттауға бағытталған, Қазақстанның Даму Банкі мен Экспорттық-кредиттік агенттігі жүзеге асырып отырған жаңа бірлескен бағдарламаның аясында жасалды. Аталған бағдарламаның алғашқы қатысушылары ретінде «Altyn Shyghys» пен «Qazaq-Astyq Group» кәсіпорындары таңдалды. Бағдарлама экспорт алдындағы қаржыландыру және сақтандыру құралдарын қамтиды. Бұл отандық кәсіпорындарға өндіріс көлемін ұлғайтуға және сыртқы нарықтағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Даму Банкі «Altyn Shyghys» компаниясын 15 млрд теңгеге дейін, ал «Qazaq-Astyq Group» компаниясын 8 млрд теңгеге дейін қаржыландырады. Бұл қаражат отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен шикізатты форвардтық сатып алуға, одан кейін терең өңдеуге және дайын өнімді экспорттауға бағытталады. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қазақстанның Даму Банкіне төмен мөлшерлемемен шартты қаржыландыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ төлемді кейінге қалдыру арқылы экспорттаушылардың келісімшарттарын сақтандыруды жүзеге асырады. Бұл сыртқы нарыққа шығудағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Агенттік май және тоң май саласын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырудың ұқсас тетігін іске асырып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айында осы механизм аясында «Шымкентмай-Доня» ЖШС экспорттаушы кәсіпорны қаржыландырылды.

Қазақстан Республикасындағы май-тоң май саласы агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды саласы және айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие. Бұл сала тұрақты өсімді көрсетіп отыр, ал 2025–2026 жылдарға арналған болжамдар сыртқы нарықтарда одан әрі дамып, елдің позицияларын нығайтатынын көрсетеді.

Бүгінде елде күнбағыс, рапс, соя, зығыр, сафлор және мақта сияқты әртүрлі дақылдарды өңдеуге қабілетті 55 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар өз өнімдерін Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс пен Қытай нарықтарына экспорттай алады.

2025 жылы елімізде майлы дақылдар егістігі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға артып, 3,3 млн гектарға жетеді деп күтілуде. Бұл өсім өсімдік майы мен күнжара экспортын Орталық Азияға 6–10%-ға дейін, яғни 580–600 мың тоннаға дейін арттырып, Қазақстанды өңделген май өнімдерінің негізгі жеткізушісі ретінде өңірде бекіте түседі.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының мәліметінше, 2023/2024 жылғы маусымда Қазақстанның май-тоң май өнімдерінің экспорты 1 млн тоннадан асып, 30%-ға өскен. Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне күнжара экспорттаушы алғашқы бес елдің қатарына кіріп, 2022 жылдан бастап әлемдегі күнбағыс майының он ірі жеткізушісінің қатарында тұр. Бұл жетістіктер саланың жоғары экспорттық әлеуетін және стратегиялық маңыздылығын айғақтайды.

Қол қойылған келісімдерді іске асыру және жаңа бағдарламаны енгізу экспорттық түсімдердің ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуына да ықпал етіп, қосылған құны жоғары, заманауи және бәсекеге қабілетті өндірістердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар