Кеңес ал!

12.11.2025

«Бәйтерек» холдингі PROTON компаниясымен Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» холдингі PROTON компаниясымен Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында Малайзияның Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) автомобиль компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға және ұлттық автокөлік өндірушісін қалыптастыруға бағытталған.

Холдинг тарапынан меморандумға Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, ал PROTON компаниясы тарапынан корпоративтік стратегия жөніндегі вице-президент Айнол Азмил Абу Бакар қол қойды.

Меморандумға қол қою Қазақстанда PROTON компаниясының халықаралық тәжірибесі мен технологияларын тарта отырып, автомобиль бағдарламасын дамыту жөніндегі бірлескен бастаманы іске асыруға бағытталған келіссөздердің нәтижесі. Ынтымақтастық өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін қамтиды.

«PROTON компаниясымен әріптестік отандық автомобиль өнеркәсібін жаңа деңгейге шығарады. Серіктестеріміздің тәжірибесі мен технологиялары заманауи өндірістік базаны қалыптастыруға және ұлттық автокөлік бренді құруға мүмкіндік береді. Бұл қадам еліміздің индустрияландыру үдерісіне және экономикалық өсіміне елеулі үлес қосады», — деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин.

Өз кезегінде PROTON компаниясының вице-президенті Айнол Азмил Абу Бакар бұл меморандумға қол қою Малайзия компаниясының Қазақстандағы халықаралық қатысуын кеңейтудің маңызды кезеңі екенін атап өтті.

«Қазақстанның стратегиялық бастамаларының бір бөлігі болуға қуаныштымыз. Біздің тәжірибеміз бен технологиялық шешімдеріміз жергілікті өндірісті дамытуға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті ол.

Келісім аясында техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу, жергілікті серіктестерді айқындау және қаржыландыру тетіктерін пысықтау жоспарланған. «Бәйтерек» холдингі отандық машина жасау саласын дамытуға және халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Анықтама үшін

PROTON Holdings Bhd — Малайзияның алғашқы ұлттық автомобиль жобасы ретінде құрылған компания. Компанияның мақсаты — елдің экономикалық дамуын жеделдету және жергілікті автомобиль өнеркәсібінің негізін қалау. 2017 жылы PROTON компаниясы DRB-HICOM және Zhejiang Geely Holding Group арасындағы серіктестіктің арқасында қазіргі заманғы және жаһандық автокөлік бренді ретінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Бүгінде PROTON өз тұтынушыларына инновациялық технологиялар, сенімділік және халықаралық стандарттарға сай өнімдерді ұсына отырып, жаңа мүмкіндіктерге шабыт беруді жалғастыруда.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар