3 қыркүйекте Қостанай облысында орман өрті салдарынан орын алған күрделі жағдай мен өрт ауқымының үлкен аумаққа жайылуына байланысты көптеген азаматтар баспанасыз қалды.
Осы орайда «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету акциясына белсенді қатысты.
Гуманитарлық көмек жинау жедел ұйымдастырылып, бірінші кезекте қажетті заттар, азық-түлік (ұн, жарма, өсімдік майы, консервілер және т.б.), тұрмыстық химия, гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары, киім, аяқ киім, жылытқыштар, шәйнектер және басқа да тауарлар сатып алынды.
Жиналған барлық көмек Нұр-Сұлтан қаласындағы «AMANAT» партиясы жанындағы гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне тапсырылды.