19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қоғамдық кеңес құру бойынша жұмысын бастауда.
Осыған байланысты жеті адамнан (олардың екеуі - Холдинг өкілдері), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығынсыз бақылаушылардан тұратын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін өтеусіз негізде іріктеу бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол немесе Холдингтің электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жолдайды:
Холдингтің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының әлеуетті мүшелері үшін:
1) Осы нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші >> Қосымша 1 ;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан әлеуетті бақылаушылар үшін:
1) Осы нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш >> Қосымша 2 .
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары e-mail-ға қабылданады: hrd@baiterek.gov.kz. Хат тақырыбында «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі» не «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы» деп көрсетуді сұраймыз.
Пошталық мекенжайы: Z05T3Е2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, B блогы.
Байланыс телефоны: +7 708 999 43 99, +7 701 743 99 07.