Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

23.09.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Sunwah Group инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

Кеңес ал!

23.09.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Sunwah Group инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен Sunwah Group инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньмен (Dr. Jonathan Choi) кездесу өткізді. Тараптар капитал тарту, көлік логистикасы және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесуге сондай-ақ Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы, инвестициялық дирекциялардың басшылары және басқа да өкілдер қатысты.

Sunwah Group штаб-пәтері Гонконгте орналасқан халықаралық көпсалалы компаниялар тобы болып табылады. Компания қаржы, жылжымайтын мүлік, технологиялар және инфрақұрылым салаларында жұмыс істейді, Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең іскерлік байланыстар желісіне ие.

Кездесу барысында Sunwah Group өкілдері қазақстандық компаниялардың халықаралық капитал нарықтарына шығуына жәрдемдесу мүмкіндіктерін пысықтауды ұсынды. Ықтимал құралдардың бірі ретінде Гонконг қаржы нарығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акцияларды бастапқы жария орналастыру (IPO) аталды. Мұндай ынтымақтастық отандық бизнестің халықаралық инвесторлар мен қаржыландыру көздеріне қолжетімділігін кеңейтуі мүмкін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды. Sunwah Group Астана мен Алматыда логистикалық терминалдар салу және дамыту, сондай-ақ оларды Ланьчжоудағы Ганьсу халықаралық құрғақ портымен ықпалдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бағыт көлік байланыстарын нығайтуға және өзара сауда мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Sunwah Group ұсынған тағы бір бастама цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу және дамыту мәселелерін пысықтау болды.

Талқылау барысында халықаралық капитал тартуға, логистикалық байланыстарды дамытуға және Қазақстанның цифрлық экономикасы үшін инфрақұрылым құруға бағытталған әріптестіктің әлеуетті бағыттары айқындалды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар