08.10.2024

«Бәйтерек» холдингі мен Lesha Bank LLC (Public) «Bereke Bank» АҚ-ны сату мәмілесін аяқтады

«Бәйтерек» холдингі мен Lesha Bank LLC (Public) «Bereke Bank» АҚ-ны сату мәмілесін аяқтады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі « АҚ және Lesha Bank LLC (Public) «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сату мәмілесінің аяқталғанын хабарлайды. Келісімнің барлық шарттары тараптармен сәтті келісілді. Мәмілені қазақстандық реттеушілер барлық тұрғыдан мақұлдады, оның ішінде тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Lesha Bank-тің банктік холдинг мәртебесін алуына келісімін және Bereke Bank-ті сатып алуға рұқсатын берді.

«Bereke Bank» АҚ Қазақстанның ірі банктерінің қатарына жатады және клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Банк қазіргі клиенттері үшін өнімдер бойынша ағымдағы шарттарды сақтайды және өз қызметін коммерциялық әмбебап банк мәртебесінде жалғастырады. Қазіргі уақытта банк капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша белгіленген нормативтерді сақтай отырып, тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Акционер ауысқаннан кейін банктің нарықтағы позициясы одан әрі нығайтылмақшы.

Жаңа акционердің келуімен екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологияларды енгізу және экономиканың нақты секторына кредит беруді дамыту күтілуде. «Бәйтерек» холдингі банктің жұмысын қалыпқа келтіру және стратегиялық инвесторды тарту үшін жағдай жасау міндетін қойған. Бұл мәміленің аяқталуы Қазақстанның қаржы секторы үшін маңызды оқиға болып табылады.

Lesha Bank Катар қор биржасында (QSE: QFBQ) тіркелген және банк операцияларын жүргізуге Qatar Financial Center Regulatory Authority лицензиясы бар. Банк инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында жұмыс істейді, Катар, АҚШ, Еуропа нарықтарында, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағында өз қызметтерін ұсынады. «Bereke Bank» АҚ-ны сатып алу Қазақстан мен Катар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды қадам болып табылады, бұл Катардың Қазақстан Республикасына ұзақ инвестиция салу ниетін дәлелдеп отыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар