11.10.2022

«Бәйтерек» холдингі мен катарлық «Hassad Food» компаниясы АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті

«Бәйтерек» холдингі мен катарлық «Hassad Food» компаниясы АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті
11 қазан күні Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Катар делегациясының мүшесі - «Hassad Food» ауыл шаруашылығы инвестициялық компаниясының Басқарма Төрағасы Мұхаммед әл-Садахпен кездесті.

Іскерлік кездесу барысында тараптар 12 қазан күні Астана қаласында Қазақстан-Катар инвестициялық форумы шеңберінде қол қою рәсімі өтетін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «Hassad Food» арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасасу үшін негіз болған АӨК саласындағы бірлескен инвестициялық жобалар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту үрдістерін талқылады.

Қанат Шарлапаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ағымдағы жағдайды таныстырып, осы саланың инвестициялық тартымдылығына әсер ететін негізгі факторларды атап өтті:

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның негізгі қаржы институты ретінде елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға көп көңіл бөледі. Холдингтің портфелдік компаниялары тарапынан АӨК жобаларын жалпы қолдау 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 241,4 млрд теңгені құрады. Қолдаудың қаржы құралдарының кең спектрімен жұмыс жасай отырып, Холдинг халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту арқылы елдің ауыл шаруашылығы саласына шетелдік жеке капиталдың ағынын арттыруға ұмтылады».

Іскерлік кездесудің соңында тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы тұрақты және өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Анықтамалық:

Hassad Food - Катардың Qatar Investment Authority («QIA») егеменді әл-ауқат қорының бөлігі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін және болжамды капиталы 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық қор

Hassad Food — ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы Катардың басты инвесторы/девелопері.

Халықаралық нарықта Hassad Food компаниясы Аустралия, Канада, Түркия, Оман және басқа елдердегі негізгі стратегиялық кәсіпорындарға инвестиция салды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар