12.10.2022

«Бәйтерек» холдингі мен Катардың жетекші агроөнеркәсіптік компаниялары бірқатар құжаттарға қол қойды

«Бәйтерек» холдингі мен Катардың жетекші агроөнеркәсіптік компаниялары бірқатар құжаттарға қол қойды

12 қазанда Астана қаласында Катар мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға сапары кезінде Қазақстан-Катар бизнес-форумы өтті.

Форум аясында «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев катарлық жетекші агроөнеркәсіптік компаниялармен өзара түсіністік туралы үш меморандумға қол қойды, олар:

          - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «Hassad Food» инвестициялық компаниясы арасындағы меморандум;

          - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Динара Групп» агрохолдингі және «Baladna» компаниясы арасындағы үшжақты меморандум;

          - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Алель агро» АҚ және «Baladna» компаниясы арасындағы үшжақты меморандум.

          Катардың инвестициялық нарығындағы негізгі ойыншылармен меморандумдар жасасу Қазақстан-Катар бизнесінің іскерлік бастамалары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен одан әрі дамытудың жаңа бет аласын айқындайды деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, форум барысында АӨК саласындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды.

Форумда «Бәйтерек» холдингінен Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов сөз сөйледі.

«87 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларының клиенттері болып табылады. Кредиттің орташа мөлшері 26 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Холдингтің портфельдік компаниялары құны 1,6 млрд. АҚШ доллары, қаржыландыру сомасы шамамен 1,2 млрд. АҚШ доллары болатын АӨК саласындағы 892 инвестициялық жобаны қаржыландырды», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.

WhatsApp Image 2022-10-13 at 09.06.30.jpeg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар