2022 жылғы 3 қарашада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 мамырдағы «Goknur Gida» компаниясымен екіжақты кездесуі шеңберінде Президент Тоқаевтың Түркияға ресми сапары барысында Анкарада алғаш танысқан «Goknur Gida» түрік компаниясының Бас директоры Осман Асланалимен кездесу өткізді.
«Goknur Gida» Түркиядағы жемістерді өсіру және органикалық шырындарды, концентраттар мен пюрелерді өңдеу бойынша ең ірі компания болып табылады.
Кездесу барысында тараптар жобаны іске асыру мәселелерін және өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақ әлеуетін талқылады. АӨК саласында компания 5 жыл мерзімге ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
- «Қазақстанның аграрлық секторын дамыту тұтастай алғанда мемлекетіміздің де, сонымен қатар ішінара «Бәйтерек» холдингінің де басымдықтарының қатарына кіреді. Өз тарапымыздан біз келіссөздердің одан әрі барысын анықтау үшін ынтымақтастық перспективаларын қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Іскерлік кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты және өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірді.