19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым Epam Kazakhstan ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты деректерді басқару, дата-аналитика, жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік сияқты негізгі бағыттарда стратегиялық әріптестікті кеңейту болды.
«Қазақстандағы ең ірі АТ-экспорттаушы және бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық қызметтерді әлемдік жетекші жеткізушілердің бірі - EPAM Systems бөлігі болып табылатын EPAM Kazakhstan озық технологиялары мен инновациялық шешімдерін пайдалану Мемлекет басшысының холдингті ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ықпал ететін болады», - деп атап өтті Үсен Ғалым.
Кездесуде тараптар Холдинг жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу перспективаларын талқылады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл әсіресе жаһандық сын-қатерлер мен киберқауіптердің өсуі жағдайында маңызды.
Epam Kazakhstan-мен стратегиялық әріптестік Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Бұл Мемлекет басшысының 2022 жылы Нью-Йоркке сапары кезінде басталған өзара іс-қимылдың жалғасы болды, онда EPAM Systems басшылығымен кездесу өтті. Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы АТ-секторын дамытудың және елдің технологиялық экожүйесін нығайтудың маңыздылығын көрсетеді.