«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдармен бірлесіп, жаңа оқу жылы қарсаңында әдеттегі дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.
Холдинг қызметкерлері рюкзактар, мектеп құралдарын жинап, Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға салтанатты түрде табыс етті.
Балалар сыйлықтарға қатты қуанды, ал ата-аналары өз алғыстарын білдірді. «Бұл акция біз үшін сыйлықтардан гөрі көп нәрсені білдіреді. Біздің балаларымыз үшін бұл өте маңызды қамқорлық пен қолдаудың көрінісі», — деп бөлісті оқушылардың бірінің анасы.
Холдинг мұндай қайырымдылық шараларына қатысу басқа ұйымдарды оған мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге шабыттандырады деп үміттенеді.