19.10.2022

«Бәйтерек» холдингі - KGIR 2022 негізгі қатысушыларының бірі

«Бәйтерек» холдингі - KGIR 2022 негізгі қатысушыларының бірі

19 қазанда Астана қаласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Kazakhstan Global Investment Roundtable-2022 (бұдан әрі - KGIR 2022) шеңберінде панельдік сессияда модератор ретінде сөз сөйледі.

KGIR 2022 мемлекет пен халықаралық бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзекті мәселелер талқыланатын Қазақстанның басты инвестициялық алаңдарының бірі болып табылады.


WhatsApp Image 2022-10-19 at 20.04.56.jpeg


«Азық-түлік және байлық: АӨК болашағына инвестициялар» панельдік сессиясы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық және өңірлік мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестициялардың өсуін ұлғайту мәселелері бойынша жан-жақты пікірталас болды.


WhatsApp Image 2022-10-19 at 20.04.55.jpeg


«Бүгінгі таңда «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары арқылы Қазақстанның 87 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері қаржыландырылды. Біз қант, құс еті, ет өнімдері, алма, балық, дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша жобаларға қолдау көрсеттік, сондай-ақ кәсіпкерлерге АӨК-нің түрлі салаларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға жәрдем көрсетудеміз. Қолдау кредиттер, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, банктік кредиттер бойынша кепілдіктер, субсидиялар, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түрінде ұсынылады. Кредиттің орташа сомасы 55,4 мың АҚШ долларын құрайды» – деп атап өтті Холдинг басшысы Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар, KGIR-2022 алаңында Қ.Шарлапаевтың «Іnoks Capital» швейцариялық компаниясының басшысы Абдул-Массихпен кездесуі болып өтті.


WhatsApp Image 2022-10-19 at 20.04.56 (1).jpeg


Басшылар өткен жылы ҚазАгроҚаржы желісі бойынша «SSA Fruits» ЖШС қаржыландыру шеңберінде сәтті басталған екіжақты ынтымақтастықтың кейінгі перспективаларын талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар