03.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 26 қаңтарда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі («BBB», «Baa2») айналыс мерзімі 15 жыл болатын 190 млрд теңге көлемінде теңгелік облигацияларды Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда алаңында орналастырды.
Холдингтің облигациялары нарықтағы инвесторлардың кең ауқымына ұсынылды, сауда-саттық қорытындылары бойынша сұраныс 109%-ды құрады. Орташа өлшенген нарықтық кірістілік жылдық 13% деңгейінде анықталды, сауда-саттыққа 10 инвестор қатысты.
Нарықтық мөлшерлемелердің байқалатын және болжанатын төмендеуі жағдайында Холдингтің облигацияларға орналастырылуы инвесторларға рейтингі ел деңгейінде қауіпсіз құралға инвестициялардың сапасын сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңге кірістілікті бекітуге мүмкіндік берді.
Өз кезегінде, бұл қаражат тарту Холдингке жолаушылар және жүк вагондарының ескірген паркін жаңарту үшін инвестицияларды қажет ететін көлік инфрақұрылымындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру көзін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«"Көлік инфрақұрылымын дамыту - экономиканың өсуі үшін маңызды шарт. Осы жобаларды іске асыру жүк тасымалының көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік туғызады және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға серпін береді. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын арттырумен қатар біз жылжымалы құрамның тапшылығы мен тозуы мәселесін жоспарлы түрде шешеміз"», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.
Вагондар лизингтік қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы сатып алынады.