21.12.2021

«Бәйтерек» холдингі KASE-де 55 млрд теңге көлеміндегі он жылдық облигацияларды орналастырды

«Бәйтерек» холдингі KASE-де 55 млрд теңге көлеміндегі он жылдық облигацияларды орналастырды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында табыстылық мөлшерлемесі жылдық 11% бойынша жалпы көлемі 55 млрд теңге болатын он жылдық облигациялар шығарылымының сәтті орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Холдинг облигациялары көптеген инвесторларға ұсынылды, өткізілген мамандандырылған сауда-саттыққа сұраныс 104%-ды құрады. Жиналған қаражат агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды қаржыландыруға және одан әрі Холдингтің еншілес ұйымдары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы АӨК субъектілеріне қаржылық лизингке беру үшін лизинг нысаналарын сатып алуға бағытталады.

«Freedom Finance» АҚ осы мәмілелер бойынша қаржылық кеңесші және андеррайтер қызметін атқарды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – кәсіпкерлікті қолдауды, агроөнеркәсіп кешенін дамытуды және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейтін кешенді даму институты. Холдингтің кредиттік рейтингтері Moody's шолуының нәтижесі бойынша - «Baa2», болжам «Тұрақты», Fitch - «BBB», болжам «Тұрақты». Холдингтің түпкі бенефициары Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар