26.04.2023

«Бәйтерек» холдингі итальяндық серіктестермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда

«Бәйтерек» холдингі итальяндық серіктестермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда
26 сәуірде Италияның Милан қаласында Қазақстан-Италия бизнес-форумы өтті. Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.

Форумда Нұрболат Айдапкелов «Бәйтерек» холдингін қолдаудың инвестициялық мүмкіндіктері мен қаржылық құралдары» тақырыбында панельдік сессияда сөз сөйледі. Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша Аграрлық несие корпорациясы 725 миллион еуроға қарыз бергенін, ал Қазагроқаржы 353 миллион еуроға 6 806 бірлік техниканы лизингке бергенін атап өтті. Берілген техниканың жартысынан көбі Қазақстанда өндірілген. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларының клиенттері 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады, кредиттің орташа мөлшері 54 мың еуроны құрайды.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені инвестициялар салу үшін, оның ішінде итальяндық инвесторлар үшін аса тартымды секторлардың бірі болып табылады. Мұның негізгі факторлары бай жер ресурстары және итальяндық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге Қытайдың, ЕАЭО мен Парсы шығанағы елдерінің қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін тиімді географиялық орналасуы болып табылады.

2008 жылдан бастап Бәйтерек Холдингі тобының ұйымдарының қатысуымен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Италия компанияларымен ынтымақтасуда. Осы уақыт ішінде Италиядан жалпы сомасы 29 млн. еуроға импортталған алма көшеттерін, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу қаржыландырылды.

Нұрболат Айдапкелов итальяндық инвесторлардың назарын АӨК-нің қаржыландыруға тартымды мынадай бағыттарына аударды: құс производство өндіру, сиыр етін өңдеу, ірімшік пен сүзбе өндіру, қант өндіру, балық өсіру, алма өсіретін қарқынды бақтар, сүт-тауар фермалары, бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар, өсімдік шаруашылығын қайта өңдеу және суару.

Қазақстандық-итальяндық компаниялар арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықтың 15 жылдан астам тәжірибесін ескере отырып, «Бәйтерек» холдингі екіжақты іскерлік қатынастарды одан әрі дамытуға қуанышты және қолданыстағы кредиттеу бағдарламалары шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру бойынша нақты ұсыныстарды қарауға және бірлескен іскерлік бастамалар бойынша әріптестік өзара қарым-қатынастарды нығайтуға дайын.

Айта кетейік, Италия 2021 жылы ҚР сыртқы тауар айналымының жалпы көлемінде үлес салмағы 9,5%-дан асатын Ресей мен Қытайдан кейінгі Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда серіктесі (2020 жылы 8,7%). Бүгінгі таңда Қазақстанда Италияның қатысуымен 266 кәсіпорын (254 шағын, 7 орта және 5 ірі кәсіпорын) және 400-ден астам итальяндық компания Қазақстанмен сауда қатынастарына ие. Кәсіпорындар негізінен құрылыс, сауда және ғылыми-техникалық қызмет салаларында жұмыс істейді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар