23.05.2024

Бәйтерек холдингі фермерлерді қаржыландыруға облигациялар шығару арқылы 200 млрд теңге тартты

Бәйтерек холдингі фермерлерді қаржыландыруға облигациялар шығару арқылы 200 млрд теңге тартты

2024 жылғы 23 мамырда Холдинг агроөнеркәсіптік кешен жобаларын уақытылы қаржыландыру мақсатында KASE алаңында жалпы көлемі 200 млрд теңге облигациялық қарыздар тартты, оның 100 млрд теңгесі 5 жылға жылдық 13,46% мөлшерлеме бойынша және тағы 100 млрд теңгесі 1 жылға жылдық 13,5% мөлшерлеме бойынша алынды.

Қаражат агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ны және одан әрі лизингке бере отырып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны қорландыруға бағытталды.

Аталған қаражат есебінен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу мен өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмекші. «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілетін болады.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар