Кеңес ал!

19.05.2026

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қаржыландыруға банктердің қатысуын арттыруда

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қаржыландыруға банктердің қатысуын арттыруда

2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында экономиканың өсуін қаржылық ынталандыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Холдинг қызметінің нәтижелері мен экономиканың нақты секторын қаржыландыруды одан әрі кеңейту тәсілдерін таныстырды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық бағыттар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі жоспарланған 10 трлн теңге орнына 10,4 трлн теңгені құрады. 2026 жылы Холдинг экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңге деңгейінде сақтап отыр. Бұл ретте қаражаттың жартысынан астамы, яғни 4,1 трлн теңге, кепілдендіру, сақтандыру, субсидиялау және шартты қаржыландыру тетіктері арқылы екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары арқылы бағытталады. Холдинг тарапынан банктерді ынталандыру көлемі өткен жылғы 3,1 трлн теңгеден биыл 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Үкімет сағаты барысында екінші деңгейлі банктердің экономиканы қаржыландыруға қатысуын одан әрі кеңейту тетіктері талқыланды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова даму институттарының операциялық тұрақтылық кезеңіне шыққан «жетілген» жобаларының бір бөлігін екінші деңгейлі банктерге кезең-кезеңімен беруді ұсынды.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл ірі инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, тәуекелдердің шоғырлануын төмендетуге және мемлекеттік капиталды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бастаманы Ұлттық экономика министрлігі қолдады. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Холдингтің екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы қаржы секторын нақты экономиканы қаржыландыруға тартуға және бір мезгілде жаңа жобаларды іске қосу үшін ресурстарды босатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Рустам Қарагойшиннің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылдың соңынан бері жүргізіліп келеді.

«Біз екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 650 млн доллар болатын портфельді тапсырдық. Жыл соңына дейін тағы 1 млрд доллар көлеміндегі жобаларды беруді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ 3,5 млрд доллар көлеміндегі пайплайн қалыптастырудамыз. Жобалар банктерге өткен кезде біздің портфель босап, Холдингке жаңа жобаларды қаржыландырудың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді», - деді Холдинг басшысы.

Басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта Холдинг қарауында 1145 жоба бар, оның ішінде 266 жоба қарау сатысында тұр. Жобаларды іріктеу кезінде импортты алмастыру әлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған және жаңа жұмыс орындарын құратын бастамаларға басымдық беріледі.

Сондай-ақ Холдинг толыққанды инвестициялық холдингке трансформациялану жұмысын жалғастыруда. «Инвестицияларға тапсырыс» моделі аясында салалық министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, инфрақұрылым, логистика, энергетика, химия және экономиканың басқа да салаларындағы басым жобалар пулы қалыптастырылып жатыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар